ВТБ (Қазақстан) депозиттік сертификаттар бойынша мөлшерлемелерді 17,5%-ке дейін көтереді

02.12.2022

ВТБ (Қазақстан) депозиттік сертификаттар бойынша мөлшерлемелерді 1,5 тармаққа көтерді. Бағалы қағаздар бөлшек клиенттерге жылдық 17,5% кірістілікпен қол жетімді.

Депозиттік сертификат шеңберінде клиенттер 1 млн теңгеден бастап қаражат орналастыра алады, шекті сома шектелмейді. Бағалы қағаз 6 немесе 12 айға қол жетімді.

Классикалық депозиттен айырмашылығы, депозиттік сертификат шеңберінде сыйақы төлеу тоқсан сайын немесе сертификатты орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Өнім бойынша толықтыру және ішінара алу көзделмеген.
«Депозиттік сертификат іске қосылған сәттен бастап клиенттер арасында классикалық салымдарға балама ретінде сұранысқа ие болып келеді. Өнім бірінші кезекте, портфолиосын әртараптандыруды қалайтын дәулетті клиенттер арасында танымал. Бүгінгі күні ВТБ (Қазақстан)-да сертификат ашудың орташа сомасы 20 млн теңгені, ал орналастырудың орташа мерзімі – 12 айды құрайды. Мөлшерлемені 17,5%-ға дейін көтере отырып, клиенттер классикалық депозиттер бойынша нарықтағы орташа мөлшелемеден асатын табыстылықты тіркеуге мүмкіндік алады», – деп атап өтті ВТБ (Қазақстан) банкінің бөлшек бизнес департаментінің директоры Станислав Козьяков.

Депозиттік сертификат шығару туралы шарт жасасу елдің 17 қаласында ВТБ (Қазақстан) банкінің кез келген бөлімшесінде қолжетімді. Депозиттік сертификатты ресімдеуге алдын ала өтінімді банктің сайтында немесе байланыс орталығы арқылы 5050 нөмірі бойынша қалдыруға болады.


Анықтама:

Депозиттік сертификат – бұл белгілі бір мерзімге және белгіленген пайызбен банкке ақша салуды растайтын бағалы қағаз. Депозиттік сертификат банктік салым болып табылмайды және «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-мен кепілдік берілмейді.