ВТБ (Қазақстан) банкоматтар санын екі еседен астам арттырады

28.11.2022

ВТБ (Қазақстан) республикада төлем инфрақұрылымын белсенді дамытуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін банк банкоматтар санын екі еседен астам арттыруды жоспарлап отыр. Бүкіл ел бойынша тұтынушыларға 70 АТМ құрылғысы қолжетімді болады.
 
ВТБ банкоматтарында клиенттер қолма-қол ақша ала алады, банк ішіндегі картадан картаға ақша аудара алады, ұялы байланыс ақысын төлей алады, ПИН-кодты өзгерте алады, шағын үзінді көшірме ала алады және теңгерімді сұрай алады.

«Биылғы жылы клиент ағынының артуын ескере отырып, банкоматтардың қолжетімділігі біздің басты міндеттеріміздің біріне айналды. Бүгін біз клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары арқылы жасайтын операцияларының саны қалай өсетінін көріп отырмыз. Мәселен, тек қазан айында біздің АТМ арқылы 93 мыңнан астам транзакция жүргізілді, соның ішінде ақша қаражатын беру, аударымдар мен төлемдер. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп. Сондықтан қызмет көрсету сапасын арттыру және клиенттеріміздің уақытын үнемдеу үшін біз Қазақстанның барлық өңірлеріндегі банкоматтар санын 70 құрылғыға дейін ұлғайтуға ниеттіміз», - деп хабарлады, ВТБ (Қазақстан) банкінің Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

Бүгінде ВТБ (Қазақстан) Республиканың 12 қаласында бөлімшелердің филиалдық желісіне ие, онда жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетіледі, сондай-ақ банк өнімдерін ресімдеу бойынша 100-ден астам консультациялық орталықтар бар. 

ВТБ (Қазақстан) карталарының иелеріне сондай-ақ VTB KZ Online мобильдік қосымшасы қолжетімді, онда олар ВТБ клиенттеріне теңгемен және рубльмен ел ішінде де, Ресейге де аударымдар жасай алады, салымдар ашуға өтінімдерді ресімдей алады, коммуналдық және басқа да қызметтерді төлей алады.