Заңды тұлғалар ресей рублін VTB Business-те онлайн айырбастай алады

23.11.2022


ВТБ (Қазақстан) VTB Business заңды тұлғалары үшін интернет-банктің функционалына ресей рублін онлайн-айырбастау қызметін қосты. Бір мәміленің ең жоғары сомасы 250 млн теңгені құрайды. Валюта бағамы Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттыққа сәйкес нақты уақытта қалыптастырылады.

VTB Business-тегі жаңа қызметтің көмегімен кәсіпкерлер сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қызмет көрсету кезінде ресей рублін 1 минут ішінде сата алады және сатып ала алады. Онлайн-айырбастаудан басқа, оларға әлемнің кез келген нүктесінен ресейлік контрагенттермен өзара есеп айырысу жүргізу үшін жылдам аударымдар мен төлемдер қол жетімді – ВТБ (Қазақстан) Ресейге күн сайын трансшекаралық транзакцияларды өңдейді.

СЭҚ-қа қатысушы клиенттер қосымша ВТБ (Қазақстан) банк мамандарының валюталық бақылау мәселелері бойынша дербес қызмет көрсетуін және жедел онлайн-консультациясын алады. Банк сондай-ақ заңды тұлғаларды заңнамадағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар етеді.

«Бүгінгі таңда біздің басты міндеттеріміздің бірі – Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қатынастарын дамытуға жәрдемдесу. Ағымдағы жылы біз осы бағыттағы көрсеткіштердің айтарлықтай өскенін көріп отырмыз – сыртқы экономикалық қызмет келісімшарттарының саны және олар бойынша мәмілелер көлемі екі есеге жуық өсті. Республикадағы ВТБ (Қазақстан) Қазақстан мен Ресейдің СЭҚ қатысушылары арасында өзара есеп айырысу жүргізу үшін тараптарға барлық қажетті инфрақұрылымды ұсынуға толық дайын. Онлайн-айырбастау сервисін іске қосу клиенттердің уақытын үнемдейді және олар үшін онлайн валюта айырбастау бойынша операцияларды жүргізуді едәуір жеңілдетеді», – деп атап өтті ВТБ (Қазақстан) банкінің Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

Кәсіпкерлер VTB Business-ті ВТБ (Қазақстан) кез келген бөлімшесінде немесе байланыс орталығының 5050 нөмірі бойынша қоса алады.