ВТБ (Қазақстан) салымдар бойынша мөлшерлемелерді жылдық 17,5%-ға дейін көтереді

23.11.2022

ВТБ (Қазақстан) халық үшін теңгемен салымдар бойынша жағдайларды жақсартады, олар бойынша кірістілікті «Комфортный» депозиті үшін 1,5 т. ұлғайтады, ең жоғары мөлшерлеме 15,5%, «Доходный» – 17,5% құрайды.

«Комфортный» салымы банк клиенттері арасында танымал салымдардың бірі болып табылады және қаражатты кез келген уақытта төмендетілмейтін қалдық шегінде толтыруға және алуға мүмкіндік береді. Депозит бойынша ең жоғары мөлшерлеме жылдық 15,5% құрайды. Салымды 6 айдан 36 айға дейінгі мерзімге 1 мың теңгеден ашуға болады.

Қаражатты максималды пайдамен ұзақ мерзімге орналастырғысы келетін клиенттер – жеке тұлғалар үшін банк «Доходный» салымы бойынша шарттарды жақсартты. Пайыздарды капиталдандыруды ескере отырып, ол бойынша базалық кірістілік жылдық 17,5% құрайды. Депозит ішінара алуды және толықтыруды көздемейді. Ашудың ең төменгі сомасы 3 айдан 36 айға дейінгі мерзімге 100 мың теңгені құрайды.

«Теңгедегі жинақ біздің клиенттерімізде ең жоғары табыстылықты алу үшін ең сұранысқа ие тәуекелсіз құрал болып қала береді. Салымдарға сұраныс жоғары базалық мөлшерлеме аясында өсуді жалғастыруда, одан кейін қазақстандық банктердің көпшілігі қаражатты орналастыру бойынша шарттарды түзеткен. Бізде ВТБ (Қазақстан) салымшылары 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге ашатын ең танымал екі депозит бойынша параметрлерді жақсарттық. Банктің мұндай ұсынысы пайыздық мөлшерлемесі нарық бойынша орташа мөлшерлемеден жоғары тиімді шарттарды пайдалануға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ВТБ (Қазақстан) Банкінің бөлшек бизнес департаментінің директоры Станислав Козяков.

Депозитті банк бөлімшелерінде де, VTB KZ Online мобильді қосымшасында – қашықтық арналарында да ашуға болады.