Жеке тұлғалардың депозиттеріне 10% өтемақы төлеу тәртібі

05.09.2022

Құрметті клиенттер!


2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап ВТБ (Қазақстан) банкі өтемақы Бағдарламасы бойынша [1] жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша өтініштер қабылдайды. Өтініш беру мерзімі – 2023 жылғы 01 қаңтарға дейін.

Жеке тұлғалардың депозиттеріне 10% мөлшерінде сыйлықақы ВТБ (Қазақстан) банкінің «Кіріс», «Жайлы», «Жинақтаушы», «Жинақ» және «AQYL білім беру» салымдарына теңгемен есептелетін болады. 

Маңызды! Өтемақы ағымдағы және карточкалық шоттар бойынша қалдықтарға есептелмейді.


Салымшыларға төлем 2022 жылғы 23 ақпандағы депозиттегі ақша сомасына 20 млн теңге шегінде, 10% мөлшерінде жүргізілетін болады. Бұл ретте, егер салымшының банкте бірнеше депозиті болса, төлем барлық салымдардың жалпы сомасына, бірақ 20 млн теңге шеңберінде жүзеге асырылады.

Өтемақы алу шарттары:

  • салымды 2023 жылғы 24 ақпанға дейін сақтау;
  • депозит мерзімі аяқталмаған немесе 2023 жылғы 23 ақпанды қоса алғанда кемінде бір немесе бірнеше рет ұзартылған болуы;
  • депозитті толық алып қою жүзеге асырылмаған, оның ішінде банктік салым шарты мерзімінен бұрын тоқтатылмаған болуы;
  • салымшы өтініш бере отырып, 2023 жылғы 01 қаңтардан кешіктірмей төлеуге келісімін растауға тиіс.


Өтінішті банктің кез келген бөлімшесінде елдің 12 қаласында жазуға болады. Бөлімшелердің мекен-жайлары осында орналастырылған. Қосымша сенім телефоны жұмыс істейді: +7 (727) 330 59 15.


[1]  Ұлттық валютада (теңгеде) орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) төлеу Қағидаларын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 27.08.2022 ж. №614 Қаулысы.