VTB еурооблигацияларын ұстаушыларға арналған ақпарат

25.08.2022
Ресей Федерациясынан тыс жерлерде депозитарийде ескерілетін VTB еурооблигацияларын ұстаушылармен жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында ВТБ Банкі (ЖАҚ) ISIN XS0842078536, XS0810596832, XS0223715920 және CH0248531110 кодтары бар қағаз иелерін 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде банктің ресми электрондық investorrelations@vtb.ru  мекенжайына келесі ақпаратты жіберуді сұрайды:

  - Азаматтығы/резиденттігі елі және байланыс деректері (байланыс тұлғасы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы) көрсетілген еурооблигациялар иесінің аты-жөні немесе ұйымның атауы (ұйымның бенефициарлық иелері туралы ақпаратты көрсетумен);

  - Хабарлама жіберілген күнгі ISIN, инвесторға тиесілі еурооблигацияларды сатып алу күні және көлемі (номиналды құны бойынша);

  - ұстаушыға тиесілі еурооблигациялар есепке алынатын шетелдік депозитарийдің және брокерлік/басқарушы компанияның атауы және орналасқан елі.

Хабарлама тақырыбында «VTB еурооблигациялары иесінің байланыстары» деп көрсетілуі қажет.

Банк инвесторлар ұсынған мәліметтерге қатысты толық құпиялылыққа кепілдік береді.

Бұл хабарлама тек ақпараттық сипатта болады, оферта немесе оферта жасау ұсынысы болып табылмайды, сондай-ақ Банкті қаралып отырған еурооблигацияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға немесе қандай да бір мәмілелер жасасуға міндеттемейді.