ВТБ Қазақстандағы еншілес банкті капиталдандырды

29.06.2022

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның жалғыз акционері – ВТБ Банкі (ЖАҚ) – еншілес банктің Қазақстандағы акцияларын қосымша капиталдандыру шеңберінде оның қосымша эмиссиясын жүзеге асырды.

Қосымша эмиссия қорытындысы бойынша Банктің орналастырылған акцияларының саны 7 млн 375,7 мың данаға дейін ұлғайды. Акциялардың номиналы – әрқайсысы 10 мың теңге.

Банк ВТБ (Қазақстан) алған қаражатты өз капиталын ұлғайтуға жұмсайды, бұл олардың қажетті нормативтерді орындауына және Қазақстандағы қызметін одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Анықтама

ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.