Антон Дмитриев Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының мүшесі болып тағайындалды

17.06.2022

ВТБ (Қазақстан) Банк директорлар кеңесі Антон Дмитриевті Басқарма мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Ол Қазақстандағы ВТБ Банк операциялық блогының цифрландыру және бизнес-процестерін дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Антон Дмитриев банк саласында 20 жылдан астам жұмыс істейді, оның ішінде жеті жыл ВТБ тобында. 2020 жылдан бастап ВТБ (Қазақстан) банкінің операциялық департаментін басқарады. Самара гуманитарлық академиясын»Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша экономист біліктілігімен бітірді, Тольятти басқару академиясында «Менеджмент» саласында басқарушы кадрларды кәсіби қайта даярлаудан өтті.

Қазіргі уақытта Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының құрамына: Басқарма төрағасы Забелло Дмитрий Александрович, Қаржы департаментінің директоры Нелина Анастасия Сергеевна, тәуекелдер департаментінің директоры Цыкунов Дмитрий Сергеевич, операциялық департаменттің директоры Дмитриев Антон Павлович кіреді.


Анықтама

ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.