ВТБ (Қазақстан) депозиттік сертификат бойынша талаптарды жаңартады

20.05.2022

ВТБ Банк (Қазақстан) мөлшерлемені түзетеді және депозиттік сертификат бойынша орналастырудың жаңа мерзімін қосады. Клиенттер сол бұрынғыша нарықтағы ең жоғары болып табылатын жылдық 17% мөлшерлемесі бойынша сертификатты сатып ала алады. Сіз қаражатты 6 немесе 12 айға орналастыра аласыз.

Депозиттік сертификат – бұл белгілі бір мерзімге және белгіленген пайызбен банкке ақша салуды растайтын бағалы қағаз. Өнім өз жинақтарын инвестициялаудан барынша пайда көргісі келетіндерге арналған.

Сертификат бойынша сыйақы, орналастыру мерзімі өткеннен кейін 5 жұмыс күні  ішінде немесе әр 3 ай өткен сайын төленеді . Сертификатты сатып алудың ең аз сомасы – 1 000 000 теңге, ең көп шектелмеген. Орналастыру кезеңінде қаражатты толықтыру немесе ішінара алу жоқ.

Депозиттік сертификатты шығару туралы шартты ВТБ (Қазақстан) банктің елдің 17 қаласындағы кез-келген бөлімшесінде жасасуға болады. Сіз ВТБ бөлімшелерінің мекенжайларын мына сілтеме арқылы біле аласыз. Сертификатты алу мәселелері бойынша 5050 нөміріне хабарласуды өтінеміз.

Депозиттік сертификат бағалы қағаз болып табылады және "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ оған кепілдік бермейді.