ВТБ (Қазақстан) қолданыстағы теңгедегі салымдар бойынша мөлшерлемелерді арттырады

15.03.2022

14 наурыздан бастап ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғалар үшін қолданыстағы «Комфортный»(Жайлы) және «Доходный»(Табысты) теңгелік салымдар бойынша сыйақы мөлшерлемесін арттырады. Өзгерістер ақша қаражатын орналастыру мерзімі 12 айға дейінгі депозиттерге қатысты болады.

«Комфортный» салымы бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 13%-ға жетеді.

Депозит төмендетілмейтін қалдық шегінде ақша қаражатын толықтыру және ішінара алу мүмкіндігін көздейді.

«Доходный» депозиті бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 5 000 000 теңгеден басталатын ең төменгі салым сомасымен 14,9%-ға дейін және

100 000 теңгеден басталатын ең төменгі салым сомасымен 12,7%-ға дейін ұлғаяды.

Бұрын ашылған депозиттер бойынша жаңа мөлшерлемелер автоматты түрде белгіленетін болады, клиенттерге салымдарды қайта ресімдеудің немесе қосымша келісімдер жасасудың қажеті жоқ.

ВТБ Еншілес банкі Қазақстанда қаржылық қызметтердің негізгі түрлерін ұсынуды жалғастыруда және клиенттер мен әріптестер алдындағы барлық міндеттемелерді орындайды.

ВТБ (Қазақстан) қазақстандық салымдарға кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.