ВТБ 25% табыстылығы бар депозиттік сертификаттарды іске қосады

11.03.2022

10 наурызда ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғалар үшін жаңа өнімді – депозиттік сертификатты іске қосады. Ол сыйақының тіркелген жоғары мөлшерлемесінің есебінен классикалық салымдарға барынша тиімді балама болады.

Банк клиенттері сертификатты жылдық 25% мөлшерлемемен 6 немесе 12 ай мерзімге рәсімдей алады. Орналастырудың ең төменгі сомасы 1 000 000 теңге, ең жоғарғы сомасы шектелмеген.

Депозиттік сертификат бойынша сыйақы шарттың мерзімі өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде төленеді. Сертификатты орналастыру кезеңінде қаражатты толықтыру немесе ішінара алу көзделмеген.
Депозиттік сертификатты шығару туралы шартты Банктің ВТБ (Қазақстан) елдің 17 қаласындағы кез келген бөлімшесінде жасасуға болады.

Депозиттік сертификат банктік салым болып табылмайтындықтан, оған «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ кепілдік бермейді.

ВТБ (Қазақстан) өз клиенттерінің барлық мәселелерін толыққанды шешу үшін күшейтілген режимде жұмыс істейді. Барлық өзіне-өзі қызмет көрсету бөлімшелері мен құрылғылары шектеусіз жұмыс істейді. Салымдар мен шоттар да толық көлемде қолжетімді.