ВТБ (Қазақстан) теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтереді

04.03.2022

ВТБ (Қазақстан) жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін көтереді.
Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша мөлшерлеме 14,9% жетеді. Депозиттерді банк бөлімшелерінде немесе VTB KZ Online мобильді қосымшасында ашуға болады.
"Жайлы" депозиті бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 13% дейін ұлғайтылды. Депозит ең төменгі қалдық шегінде қаражатты толықтыру және алу мүмкіндігін қарастырады.

"Табысты"депозиті бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 14,9% дейін көтерілді. Бұл жеке тұлғаларға арналған банк желісіндегі ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар депозит. Депозитті толықтыру және одан қаражатты алу операциялары қарастырылмаған.

ВТБ-ның Қазақстандағы еншілес банкі қаржылық қызметтердің негізгі түрлерін көрсетуді жалғастырады және клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерін орындайды. ВТБ (Қазақстан) банкі Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру жүйесінің мүшесі болып табылады.