Салымшылар үшін ақпарат

02.03.2022

Құрметті клиенттер!

Банк ВТБ (Қазақстан) Сізге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақыны (сыйлықақыны) есептеуді көздейтін Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асыру туралы хабарлайды.

Бағдарламаға 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың банкте ашылған теңгедегі салымдары қатыса алады.

Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды.

10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) әрбір банктегі 1 депозиторға 2022 жылғы 23 ақпандағы күннің соңындағы қалдықтар шегіндегі жалпы сомада көрсетілген салымдарға 1 рет, бірақ бағдарламаны іске асыру басталған сәттен бастап 12 айдан кейін 20 млн теңгеден аспайтын (егер ол 20 млн теңгеден аспайтын болса, салымның нақты сомасынан аспайтын) мөлшерде есептеледі. Өтемақыға (сыйақыға) жеке табыс салығы салынбайды.

Сыйақыны есептеудің міндетті шарты банктегі салымды оның мерзімінің соңына дейін, бірақ тетік енгізілген сәттен бастап кемінде 12 ай, яғни 2023 жылғы 24 ақпанға дейін сақтау болып табылады. Егер салым мерзімі өтемақы (сыйлықақы) төленгенге дейінгі кезеңде аяқталса, депозит бағдарлама аяқталғанға дейін ұзартылуы тиіс. Салымды ішінара алып қойған кезде өтемақы (сыйлықақы) төлеу жоғарыда көрсетілген лимиттерді ескере отырып, ақшаны алып қойғаннан кейінгі салым қалдығының сомасына жүзеге асырылады.

Азаматтардан өтініштер қабылдау тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банкінің тиісті актілері қабылданғаннан кейін банктің сайтында қосымша хабарланатын болады.


Құрметпен,
ВТБ (Казақстан) банкі.