Банк ВТБ (Қазақстан) кредиттік рейтингі «ВВ+/В» деңгейінде расталды, болжам «Тұрақты»

27.01.2022

2022 жылғы 26 қаңтарда Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Банк ВТБ (Қазақстан) үшін «Тұрақты» болжамымен, «BB+/B» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредит рейтингтерін растады. Сондай-ақ S&P ұлттық шкала бойынша банктің рейтингін «kzAA» деңгейінде растады.

«Біз банк бөлшек кредит клиенттеріне, сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарға қызмет көрсетуге бағдар ұстап, өзінің стратегиясын ұстануды және бизнестің негізгі бағыттарын дамытуды жалғастырады деп санаймыз; банктің жоспарларына сәйкес 2022 жылдың соңына қарай осы екі сегментке жиынтығында кредиттік портфельдің 70% келуі тиіс. Біздің пайымдауымызша, қазақстандық нарық халықаралық нарықтарда топтың бизнесін кеңейту стратегиясы үшін өте маңызды, ал Банк ВТБ (Қазақстан) қызметі негізгі құрылымның қызметімен тығыз байланысты», - деп атап өтеді S&P Global Ratings хабарламасында.

Анықтама

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Бүгінде банктің елдің барлық өңірінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиал желісі бар. Банк ВТБ (Қазақстан) орталық офисі Алматы қаласында орналасқан. 03.02.2020 ж. № 1.2.14/39 ҚР ҚНРДА лицензиясы.