Шетел валютасында төлемдерді жүргізу туралы ақпарат

18.01.2022

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Бірлескен Бұйрығына сәйкес, операцияларды жүргізуге өтінімдер бойынша іс-қимылдар алгоритмі қабылданғанын, сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктер тарапынан күшейтілген қаржы мониторингіне жататын трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілгенін хабарлаймыз. Көрсетілгенге байланысты Банктің шетел валютасындағы шығыс аударымдарын орындауы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес, төлем құжатын алған күннен кейінгі үш операциялық күн ішінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Баяндалғанды ескере отырып, төлем құжатын Банкке жіберу күні төлем жүргізу үшін негіз болып табылатын құжаттарды ұсыну қажеттілігіне және Банктің сұратуы бойынша құжаттарды жедел ұсынуға түсіністікпен қаруды және атсалысуды сұраймыз.