Мереке күндері жұмыс кестесі

27.12.2021


Құрметті клиенттер!

Сіздерді келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз және:

2021 жылғы 31 желтоқсанда Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, кассалық операциялар жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-ге дейін қолжетімді болады. АҚШ доллары, еуро және британдық фунт қатысатын айырбастау мен аударымдарға өтініштер Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 13:00-ге дейін қабылданады (бенефициар ВТБ (ПАО) болып табылатын жерді қоспағанда). Бұл күні басқа шетел валюталарына аударымдар мен айырбастаулар қолжетімсіз болады. Ұлттық валютадағы аударымдар Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 14:00-ге дейін қолжетімді болады. Болашақ валюталау күнімен аударымдар мен айырбастау қабылданбайды.

2021 жылғы 31 желтоқсан сағат 22:00-ден 2022 жылғы 1 қаңтар сағат 08:00-ге дейінгі кезеңде Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша техникалық себептер бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін мобильді банкинг пен интернет-банкинг, ақпараттық-төлем терминалдары мен банкоматтардағы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ Kassa24 және QIWI терминалдары арқылы кредиттерді өтеу және шоттарды толықтыру қолжетімсіз болады.

2022 жылғы 1-4 қаңтар аралығындағы демалыс күндері.

2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 2022 жылғы 06 қаңтарға дейінгі кезең Ресей Федерациясында демалыс күндері болып табылады, осыған байланысты ресей рубліндегі аударымдар қолжетімсіз болады. Ресей рублінің қатысуымен айырбастау болашақ валюталандыру күнімен жүзеге асырылады (2022 жылғы 10 қаңтар).

2022 жылғы 5 қаңтар мен 2022 жылғы 06 қаңтар аралығында Қытай юані, Британдық фунт және Австралия долларындағы аударымдар қол жетімді болмайды. Британдық фунттардың, Қытай юанінің және Австралия долларының қатысуымен айырбастау болашақ валюталандыру күнімен (2022 жылғы 10 қаңтар) жүзеге асырылатын болады.

2022 жылғы 5 қаңтарда Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшелері стандартты режимде сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.


Ізгі тілекпен,
Банк ВТБ (Қазақстан)