ВТБ (Қазақстан) банкінің кредиттік рейтингі «ВВ+/В» деңгейінде расталды, болжам «Тұрақты».

10.12.2021

2021 жылғы 8 желтоқсанда Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігінің кредиттік рейтингтер қызметі ВТБ (Қазақстан) банкі үшін «Тұрақты» болжамымен «BB+/B» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді растады. Сондай-ақ S&P ұлттық шкала бойынша банктің рейтингін «kzAA» деңгейінде растады.

«Біз банк ВТБ (Қазақстан) болашақта кредиттік қоржынның өсуін қамтамасыз ету үшін жоғары табыстылық көрсеткіштерін қолдайды деп күтеміз, ал проблемалық кредиттердің үлесі орташа нарықтық көрсеткішпен салыстырылатын болады. Біздің болжамдарымызға сәйкес біз ВТБ (Қазақстан) банкі 2021-2022 жылдары оң қаржылық нәтижелер көрсетеді, ал меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті (ROE) 20%-дан астам болады деп күтеміз. Біз банктің өткен жылдары берілген проблемалық кредиттерді реттеуде айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін атап өтеміз, бұл оның операциялық қызметінің нәтижелеріне оң әсер етуде. Біз ВТБ (Қазақстан) банкі кредиттік қоржын сапасын сақтауға бағдарланады деп пайымдай отырып, тәуекелдерді басқару стандарттарының төмендеуін болжамаймыз, бұл таяудағы екі жылда кірістілік пен капиталдандыру көрсеткіштеріне оң әсер етеді», - делінген Standard & Poor's хабарламасында.

2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ВТБ (Қазақстан) банкі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайданы 102%-ға ұлғайтты.