Шағын және орта бизнес клиенттері үшін тарифтердегі өзгерістер

08.07.2021

Құрметті клиенттер!

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ Банк Басқармасы бекіткен (2020 жылғы «16» маусымдағы № 32 хаттама) Ағымдағы шоттың ашылуы туралы қосылу шартынның (заңды тұлғалар және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары, өкілдіктері) үшін) 1.7-т. сәйкес өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (бұдан әрі – Шарт), осы Шартқа қосылған және оның талаптарымен Ағымдағы шоттар ашқан Банктің Клиенттерін Шарт шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтері бойынша 24.06.2021 ж. Банк Тарифтері мөлшерінің өзгеруі туралы мәлімдейді, атап айтқанда:

- Банктің терминалдары мен cash-in банкоматтары арқылы қолма-қол қабылданған ақшаны ағымдағы шотқа аударғаны үшін комиссиялық сыйақы 0,2% (нөл бүтін оннан екі пайыз) мөлшерінде белгіленеді.

Көрсетілген тарифтер осы хабарлама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін қолданылуға жатады. Көрсетілген мерзім ішінде Сіз Банкке сіздің уәкілетті өкіліңіз қол қойған жазбаша бас тартуды жіберуге құқылысыз.

Сіздің назарыңызды, Шарттың 1.7 тармағына сәйкес, хабарлама орналастырылғаннан кейінгі үшінші күні Банктің сіздің уәкілетті өкіліңіз қол қойған жазбаша бас тартуды алмауы Шарттың шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтері бойынша Банк Тарифтерінің мөлшерімен сіздің келісетініңізді куәландырады және өзгертілген талаптарда ағымдағы шотты пайдалануға Сіздің ерік білдіруіңіздің жеткілікті растауы болып табылатындығына аударамыз. Мұндай келісім толық және сөзсіз деп танылады.

Банктің Директорлар Кеңесі бекіткен Тарифтерге енгізілген өзгерістер (24.06.2021 ж. №23/2021 шешім) Интернет желісінде www.vtb-bank.kz мекенжайы бойынша Банктің сайтында орналастырылған.

Сіздің, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ