Жеке тұлғаларға арналған мобильді банкингтің жаңа шығарылымындағы жаңа online-мүмкіндіктер!

21.06.2021

Құрметті клиенттер!

«VTB KZ Online» мобильді банкингінің екінші релизінің іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз.

Жаңа шығарылымда жаңа функционалдылық енгізілді, енді сіз келесі әрекеттерді орындай аласыз:

1. Төлем карточкасын пайдалану арқылы ғана емес шот бойынша қосымшада тіркелу.

Біздің банкте кез келген қолданыстағы шоттың болуы жеткілікті (ағымдағы шот, депозит, кредит – ағымдағы шот бойынша).

2. Карточкалық аударымдарды жүзеге асыру:

-        Банк ВТБ (Қазақстан)-ның төлем карталарынан кез келген, оның ішінде шетелдік банктің карталарына;

-        біздің банк тарапынан комиссиясыз басқа қазақстандық банктердің карталарынан ВТБ карталарына. ВТБ карталарын тегін толтырыңыз;

-        түрлі қазақстандық төлем карточкалары арасында.

3. Карта лимиттерін басқару.

Өзіңізге ыңғайлы болған кезде лимиттерді өзіңіз орнатыңыз, интернеттен сатып алуға кіруді ашыңыз және жабыңыз*.

4. Депозиттерді online ашу.

Бөлімшеге келудің қажеті жоқ, сізге ыңғайлы болу үшін салымдарды ашудың барлық процесі қосымшаға көшірілді.

5. Операцияларды растау үшін Push хабарландыруларын теңшеу.

«PUSH»-ты қосыңыз және барлық операцияларыңыздан хабардар болыңыз. 

6. Банкаралық аударымдарды таңдаулыларға сақтау.

Осы функцияның арқасында аударымдарды деректемелерді қайта толтырмай-ақ жүзеге асыруға болады. 

7. Кредиттік карталар бойынша бөлшектері көру.

Қарыздың жалпы сомасы, ең төменгі қарыздың сомасы, жеңілдік кезеңі әрқашан сіздің көз алдыңызда болады.

 

Қосымшаның жаңартылған нұсқасын өзіңізге ыңғайлы етіп жүктеу және орнату: 

1.    Смартфонмен QR кодын сканерлеңіз:

Adroid.jpgiOS.jpg

2. Немесе қалаған дүкенді басу арқылы Google Play немесе App Store өтіңіз  

Қосымша бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз онлайн-чатта мобильді банкингтің тиісті бөлімінде немесе onlineservice@vtb-bank.kz email-де жаза аласыз 

Немесе келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз: 

+7 (727) 330-59-59

Алматы қаласы бойынша қалалық нөмірлерден тегін

+7-702-017-59-59

+7-705-955-59-59

 Ұялы байланыс операторының тарифтеріне сәйкес. 

*Операцияларды жүзеге асыру үшін қауіпсіздіктің төмен деңгейі талап етілетін сайттардан басқа