Банк ВТБ (Қазақстан) кәсіпкерлерді қолдауға қосымша 8 млрд теңге алды

04.06.2021

ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығы аясында COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен бизнесті қаржыландыру үшін Банк ВТБ (Қазақстан) лимиті 8 млрд теңгеге ұлғайды. Бұған дейін кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеубағдарламасы шеңберінде экономиканың көтерме сауда, құрылыс материалдарын өндіру және сату, азық-түлік емес тауарларды қоймалау және сақтау, автомобильдердің бөлшек саудасы және басқа да салаларына қаржыландыруды бағыттап, ВТБ бөлінген лимиттің шамамен 11 млрд теңгесін игерді.

-   Пандемияға байланысты алғашқы карантиндік шектеулер енгізілген сәттен бастап біз бизнес-клиенттерден кейінге қалдыруға берілген өтінімдердің 90%-ын қанағаттандырдық, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жеңілдікті шарттармен белсенді түрде кредит бердік, - деп атап өтті корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры – Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының мүшесі Игорь Ли. – Біз жеңілдікті кредитберу – бұл ШОБ-тің қалыптасқан жағдайда қалып, бизнесті қазіргі жағдайға бейімдеуге көмектесетін нақты шара екенін көріп отырмыз. 

Кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы аясында бизнес өкілдері комиссиясыз жылдық 8%-ға дейінгі сыйақының ең төменгі мөлшерлемесі бойынша кредит ала алады. Бағдарламаға қатысуға карантиндік шектеулер енгізу салдарынан қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын ШОБ өкілдеріне жол беріледі. Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасынан бір қарыз алушыға лимит - 6 млрд теңгеге дейін, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 3 млрд теңгеге дейін, ЖК үшін – 50 млн теңгеге дейін. Кредитті мақсатты пайдалану – айналым қаражатын толықтыру. 

    

Анықтама: 

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Бүгінгі таңда банк еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.