Банк ВТБ (Қазақстан) COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен бизнес үшін кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынады.

28.05.2021

Банк ВТБ (Қазақстан) өзінің клиенттеріне – карантиндік шектеулерді енгізу нәтижесінде қаржылық жағдайы нашарлаған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуді жалғастыруда.

Кәсіпкерлік мақсаттарға берілген банктік қарыз шарттары бойынша төлемдердің мерзімін ұзартуды алуға болады:

1) микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде жеке кәсіпкерлер – субъект қосымшаға сәйкес салалар тізбесіне сәйкес экономика салаларында қызметті жүзеге асырған кезде;

2) шектеу карантиндік шараларының қолданылуы салдарынан субъектінің қаржылық жай-күйі нашарлаған кезде – орта кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде жеке кәсіпкерлер босатылады. Бұл ретте қаржылық жай-күйінің нашарлауы расталуға тиіс, ол үшін Банк Қарыз алушының нақты кірістеріне талдау жүргізеді және енгізілген шектеу карантиндік шараларының қарыз алушының кәсіпкерлік қызметіне әсерін бағалайды.

Кейінге қалдыру туралы өтінішті 2021 жылғы 1 сәуірге дейін берілген банктік қарыздар бойынша ғана беруге болады. Банк 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде кез келген сәтте берілген еркін нысанда жасалған қарыз алушының өтініші негізінде шешім қабылдайды.

Егер қарыз алушының өтінішінде өзгеше мерзім көрсетілмесе, Банк Қарыз алушының таңдауы бойынша 30 күннен 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыруды ұсынады. Банк Қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын растау болмаған кезде кейінге қалдыруды ұсынудан бас тарта алады.

Банк кейінге қалдыру ұсынылған кезде қарыз алушылардан өтінішті қарау және банктік қарыз және (немесе) кепіл шарттарын және өзге де байланысты шарттарды өзгерту үшін комиссиялар мен өзге де төлемдерді алмайды.

Кейінге қалдыруды ұсынғанға дейін қарыз алушы төлеген төлемдер қайтарылмайтынына назар аударуыңызды сұраймыз.

Сіз Банктің кез-келген бөлімшесінде өтініш бере аласыз. Толық ақпаратты ұялы телефоннан ақысыз 5050 телефоны арқылы білуге болады.

Экономика салалары