Банк ВТБ (Қазақстан) 2020 жылына дивидендтер төлемейді

28.05.2021

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның жалғыз акционері – Банк ВТБ (ЖАҚ) Қазақстан Республикасындағы еншілес банктің пайдасын үлестірмеуге шешім қабылдады. Тәуелсіз аудитордың – Ernst & Young компаниясының тұжырымдамасы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) 2020 жылға таза табысы 5 млрд. теңге құрады, бұл алдынғы жылдың нәтижесінен 11%-ға артады. Банк активтері 2019 жылғы 31 желтоқсандағы мәліметтермен салыстырғанда 54%-ға өсіп, 323 млрд. теңге құрады.

«ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ұсыныстарына сәйкес Банк ВТБ (Қазақстан) екінші жыл бойы таза табысты үлестірмеуге және дивидендтерді төлемеуге шешім қабылдайды. Коронавирус пандемиясы кезінде қосымша өтемділік ел экономикасынының қалпына келуіне кәсіпкерлерді кредиттеу қарқынын көбейту арқылы болады деп Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло айтып өтті.

Аудиттелген есепке сай 2020 жылдың банктің депозиттік портфелі 89%-ға өсті және 233 млрд. теңге құрады. Кредиттік портфель 33%-ға өсті 177 млрд. теңге деңгейге дейін.

«2020 жылы Covid-19 пандемиясы әсерінен Банк ВТБ (Қазақстан) ұжымы жедел қалыптастырды және бизнестің айналым жоспарын үш бағыт бойынша жүзеге асырды. Бірінші – ішкі үдерістердің оңтайландыру және шығыстарды қысқарту. Екінші – клиентке де, банкке де тиімді болатын қызметтерге шоғырландыру. Үшінші – сатудың жаңа, мобильді және икемді моделіне көшу. Жылдың қаржылық қорытындыларын жиынтықтай осы сыртқы қатерді жеңдік деп батыл айтуға болады», – деп Дмитрий Забелло қорытынды жасады.

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің нұскасы бойынша, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның «ВВ+/В» елдегі банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие. Рейтингтің өзгеру болжамы - «тұрақты».

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.