Банк ВТБ (Қазақсан) eGov.kz арқылы ағымдағы шоттарды ашуға өтінімдер қабылдауды бастады.

30.04.2021

Қазақстанның электрондық үкімет порталы eGov.kz) заңды тұлғаны порталда бірнеше рет басу арқылы тіркеу мүмкіндігін ұсынады. Банк ВТБ (Қазақстан) eGov.kz-пен интеграцияны сәтті аяқтады және заңды тұлғаны қашықтықтан тіркеумен бір уақытта шот ашу қызметін ұсынатын бірнеше отандық банктердің бірі болды.

eGov.kz порталында өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбасы бар компанияның құрылтайшысы ұсынады. Банк өтінімді қарағаннан кейін клиент электрондық үкімет сайтындағы жеке кабинеттен банктен шот ашу мүмкіндігі және компания басшысының ағымдағы шот ашу туралы шартқа қосылу туралы өтінішке қоса берілген нысанға қол қою қажеттігі туралы хабарлама алады. Клиент өтінішке қол қойғаннан кейін банк хабарлама алады және шот автоматты түрде ашылады. Клиент eGov.kz сайтындағы жеке кабинетіндегі шот туралы мәліметтермен таныса алады. Шот ашу процесі банктің және реттеушінің барлық талаптарына сәйкес әлеуетті клиенттің автоматтандырылған тексерілуін қамтамасыз етеді және ол бір жұмыс күнінен аспайды.

– Қазақстандық банк нарығында ұсынылған екінші деңгейдегі 25 банктің ішінен мұндай қызметті тек 5 банк ұсынады. Қазіргі уақытта ВТБ жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін банктің сайты арқылы қашықтықтан шоттар ашу бойынша осындай қызметті көрсетеді. Жаңа сервис қашықтықтан қызмет көрсету арналарын дамытудағы кезекті кезең болды, – деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма Төрағасы Дмитрий Забелло.

Банк ВТБ (Қазақстан) қолданыстағы цифрлық сервистерді жақсарту және жаңаларын енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырады.