Банк ВТБ (Қазақстан) Qazaq Banki салымшыларына төлем жасауды жалғастырады

26.04.2021

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банкі «Qazaq Banki» АҚ салымшыларына төлемді бүкіл филиалдық желі бойынша 2022 жылдың 01 мамырына дейін жүзеге асыруды жалғастырады. Төлем "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ (ҚДКБҚ) атынан және қаражаты есебінен жүргізіледі.

Салымшылар агент банктің барлық бөлімшелеріне 2022 жылдың 01 мамырына дейін кез келген жұмыс күні өтініш жасауға құқылы.

Банк ВТБ (Қазақстан) жеке басын куәландыратын құжат және бөлімшеде бланкін алуға және толтыруға болатын салымшының өтініші негізінде өтемді төлейді. Сенімхат бойынша өтемақы төленуі мүмкін. Ақша қолма-қол ақшамен немесе банктік шотқа қолма-қол ақшасыз аударыммен төленеді; төлем сомасына агент банкте депозит ашуға болады. Максималды төлем мерзімі – 5 жұмыс күні.

ҚДКБҚ жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге – «Qazaq Banki» АҚ клиенттеріне өтемақы төлейді. Кепілдік мөлшері:

- ұлттық валютадағы қаражаттар бойынша – 10 млн теңгеден;

- шетел валютасындағы қаражаттар бойынша – 5 млн теңгеден аспайды.

Салымшыда түрі мен валютасына қарай бірнеше депозит болған жағдайда, кепілдік берілген жиынтық өтем, әрбір депозит түрі бойынша шекті мөлшерді ескере отырып, 15 млн теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтем теңгемен төленеді; есептеу үшін 2019 жылғы 12 желтоқсанға арналған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады.

«Qazaq Banki» АҚ салымшыларына төлем туралы және депозиттер бойынша кепілдік туралы маманның кеңесін 1460 қысқа нөмірі бойынша ҚДКБҚ колл-орталығынан тегін алуға болады.

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ агент-банкінің филиалдары мен бөлімшелерінің тізімімен www.vtb-bank.kz веб-сайтында танысуға болады. Филиалдар мен бөлімшелердің жұмысы туралы ақпаратты анықтама қызметінен 5050 қысқа нөмірі бойынша (ұялы телефоннан тегін) алуға болады.