ВТБ тобы Nova Resources консорциумымен KAZ Minerals акцияларын сатып алу мәмілесін жапты

19.04.2021

ВТБ тобы Kaz Minerals акцияларын $3,5 млрд-қа сатып алу бойынша ұсынылған офертаға байланысты Nova Resources эксклюзивті қаржылық кеңесшісі және қаржыландыратын банк болды. KAZ Minerals – Қазақстанда, Ресейде және Қырғызстанда ашық тәсілмен мысты кең ауқымды, аз шығынды өндіруге маманданған табысты тау-кен компаниясы. Nova Resources құрамына KAZ Minerals басқармасының төрағасы Олег Новачук және KAZ Minerals атқарушы емес директоры Владимир Ким кіретін консорциумға тиесілі жеке компания болып табылады.

Nova Resources KAZ Minerals өзіне тиесілі емес акцияларына ұсынылған офертаны 2020 жылдың қазан айында жариялады, ал 2021 жылдың 9 сәуірінде оферта сөзсіз өтті деп жарияланды. Мәміле нәтижесінде Nova Resources компанияны Лондон және Қазақстан қор биржаларында саудаланатын тізімнен шығаруға ниетті.

ВТБ Капитал Nova Resources эксклюзивті қаржы кеңесшісі ретінде, ал ВТБ Банкі жалпы сомасы $5,7 млрд (KAZ Minerals-тың ағымдағы берешегін қайта қаржыландыруға арналған қосалқы желіні ескере отырып) мәміле үшін қаржыландырудың жалғыз ұйымдастырушысы ретінде әрекет етті.

Бұл мәміле 2021 жылы Еуропа мен ТМД-дағы металлургия және тау-кен өнеркәсібі секторындағы ең ірі, сондай-ақ Лондон биржасында тіркелген компанияны сатып алу бойынша көлемі бойынша екінші мәміле болып табылады. Сонымен қатар, соңғы 12 айда бұл Лондон биржасында тіркелген табиғи ресурстар секторындағы жария компанияны сатып алу бойынша үшінші сәтті мәміле, онда ВТБ Капитал жеке кеңесші және қаржыландырушы банк ретінде әрекет етті.

Юрий Соловьев, ВТБ президенті – Басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

«ВТБ тобының корпоративтік-инвестициялық бизнес командасы клиенттерімізге стратегиялық кеңес беру, құрылымдау, қаржыландыру қызметтерін және клиенттерге стратегиялық міндеттерді шешуге және жобаларды одан әрі дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құралдардың кең спектрін ұсына отырып, мәмілелерді іске асырудың интеграцияланған тәсілін қамтамасыз етеді. Nova Resources-пен күрделі құрылымдалған трансшекаралық мәмілені табысты жүргізу ВТБ тобының халықаралық қаржы нарықтарындағы металлургия және тау-кен өндіру саласындағы ірі компаниялармен жұмыс жөніндегі көшбасшы ретіндегі ұстанымын кезекті рет растайды».

Олег Новачук, Nova Resources басқарма төрағасы:

«Владимир Ким екеуміз KAZ Minerals акцияларын сатып алу жөніндегі біздің ұсынысымыз сөзсіз болып жарияланғанына қуаныштымыз. KAZ Minerals акционерлер үшін жария компания ретінде тартымды табысты қамтамасыз ете алды, алайда компанияның Ресейдегі Баим кен орнын игеруді қоса алғанда, ауқымды дамудың келесі кезеңіне жедел көшуін назарға ала отырып, біз бұл кезеңнен жеке компания мәртебесінде өткен дұрыс деп санаймыз. Біз ВТБ тобына бүкіл мәміле бойынша көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіргіміз келеді және Компанияның стратегиялық мақсаттары мен даму кезеңдерін жүзеге асыру үшін алдағы бірнеше жылда шоғырлануымыз керек болатын ынтымақтастығымызды жалғастырамыз деп үміттенеміз».