Құрметті клиенттер!

03.02.2021

Сіздерге бұрын Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша халықты қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ активтері есебінен төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты жұмысынан айырылу бойынша 42 500 теңге мөлшерінде төлемдер жүзеге асырылғанын хабарлаймыз.

Осы тапсырманы іске асыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді жүзеге асыру тәртібін реттемелейтін №110[1] Қағиданы және №283[2] Қағиданы әзірледі.

Жоғарыда көрсетілген Қағидаларға сәйкес, алушы жоғарыда көрсетілген төлемдер заңсыз алынғаны, оның ішінде табысты жоғалту фактілері болмағаны туралы шешім қабылдаған жағдайда, төлемді ерікті түрде қайтару көзделген.

 

Әлеуметтік төлемдердің артық (қате) есептелген (төленген) сомаларын қайтару туралы №217[3] Ереженің 88-тармағына сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) шотына мынадай деректемелер бойынша жүзеге асырылатынын Сіздердің естеріңізге саламыз:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Бенефициар Банк: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

ЖСК KZ67009SS00368609110

БСК GCVPKZ2A

БСН 160440007161

КБЕ 11

ТМК 049 - төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлемді ерікті түрде қайтару (төлемді тағайындау міндетті болып табылады)

ТМК 039 - шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде біржолғы әлеуметтік төлемді ерікті түрде қайтару (төлемнің мақсаты міндетті түрде жазылуы тиіс).