БАНК ВТБ (ҚАЗАҚСТАН) KCELL КРЕДИТ ЖЕЛІСІН 1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ ҰЛҒАЙТТЫ

01.04.2021

Қазақстанның телекоммуникация нарығындағы жетекші оператор болып табылатын «Кселл» АҚ пен Банк ВТБ (Қазақстан) кредит лимитін 6 миллиард теңгеден 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайту туралы келісімге қол қойды. Кредит желісінің мерзімі 2023 жылдың 15 қазанына дейін жылдық 10,7% мөлшеріндегі сыйақы төлеумен ескерілген. Компания алынған қаражатты айналым қаражатын толықтыруға жұмсамақ.

- Кредит желісін ұлғайту – бұл Банк пен «Кселл» АҚ арасындағы үш жылдық табысты серіктестіктің тамаша мысалы. Біз серіктесіміздің өз желісін дамытуға қаражат салу ниетін құптап, алдағы жобаларға қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары, Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма мүшесі Арман Мангитов.

«Кселл» АҚ мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу, сондай-ақ деректерді табыстау қызметтері, соның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS) ұсынады. Компания нарықта екі брендпен ұсынылған: мақсатты аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және жаппай нарық абоненттеріне бағытталған Activ. Компания Қазақстан Республикасының барлық дерлік аумағын қамтитын өзінің жоғары сапалы мобильді байланыс желісі арқылы қызмет көрсетеді.

 

Анықтама:

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 11 жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P халықаралық агенттігінің тәуелсіз бағалауына сәйкес Банк ВТБ (Қазақстан) қазақстандық банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz