ВТБ Банк, ВТБ АҚ ЕҰ (Қазақстан) және «ҚазТрансГаз», кредиттік келісімге қол қойды

19.11.2020

ВТБ Банк, ВТБ Банк (Қазақстан) АҚ және «КазТрансГаз» АҚ, үш жыл мерзімге жалпы сомасы $200 млн. ресей рублі болатын қарыз тарту туралы кредиттік келісімге қол қойды.

Қаражат ING Bank, Citibank N.A., Mitsubishi UFJ Financial Group, Inc., Société Générale және Mizuho Bank Ltd. 2018 жылы ұсынған міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталатын болады.

Қарызды қайта қаржыландыру «ҚазТрансГаз» АҚ-ға неғұрлым тиімді шарттарда қаражат тартуға және жаһандық капитал нарықтарындағы ағымдағы тұрақсыз жағдайда валюталық тәуекелдерді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

ВТБ тобымен осы Келісімге қол қою Қазақстанның газ саласының кредиттік сенімділігі мен инвестициялық тартымдылығын жоғары бағалауын білдіреді, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту үшін үлкен маңызға ие.

Анықтама:
«ҚазТрансГаз»АҚ отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүдделерін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ-энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. «ҚазТрансГаз» компаниялар тобы Қазақстанның 10 облысында: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ұсынылған.

Банк ВТБ (Қазақстан)АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 ж жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.