ВТБ Капитал АІХ-тің сауда мүшесі болды

18.11.2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Ресейдің ВТБ Капитал жетекші халықаралық инвестициялық банкі сауда-саттыққа қатысуға қолжетімділік алғанын қуана хабарлайды. Бұл халықаралық және ресейлік инвесторлар үшін АІХ-те операциялар жүргізуге қосымша мүмкіндіктер ашады.

АІХ басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті:

«ВТБ Капитал Ресейдің аса ірі инвестициялық банкі болып табылады, ол тек ресейлік қана емес, сонымен қатар әлемдік нарықтармен де ынтымақтастықта. ВТБ Капитал клиенттерінің АІХ өнімдеріне қол жеткізуінің арқасында халықаралық инвестицияларды көбірек тарта алатынымызға және нарықтың өтімділігін жоғарылатуға ықпал ететінімізге біз қуаныштымыз».

Айдар Қалиев, Орталық Азиядағы операциялар басшысы, ВТБ аға вице-президенті.

«ВТБ-ның Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқанына 11 жыл болып қалды, осы уақыт ішінде біз нарықтағы негізгі ресейлік банктердің біріне айналдық және елдің жетекші жеке және мемлекеттік компаниялары үшін халықаралық нарықтарда капитал тарту мәмілелелерінің елеулі санын жүзеге асырдық. Инввестициялар үшін Қазақстандық жергілікті қор нарығына қолжетімділікті жеңілдету стратегиясы жергілікті және халықаралық ойыншыларды барған сайын көптеп тартуда. ВТБ Капиталдың АІХ мүшесі болуы АІХ-те саудаланып жатқан қаржылық құралдарға және қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарының жаңа шығарылымдарына тікелей қызығушылық танытатын инесторлар пулын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл қор нарығының одан әрі дамуына және экономиканың инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға ықпал етеді».

Анықтама үшін:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ    AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX "Белдеу және жол" бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

 

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропада алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген. АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономиканы, қаржы технологиялары мен «цифрлық қаржы орталығын» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz

ВТБ Капитал ВТБ тобының Инвестициялық бизнесі корпоративтік және бөлшек саудамен қатар ВТБ Тобы бизнесінің үш стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. 2008 жылы құрылған сәттен бастап ВТБ Капитал борыштық және акционерлік капитал нарықтарында 960-тан аса мәмілелерге қатысты, бұл Ресей және ТМД елдерінің экономикасына 320 млрд АҚШ долларынан асатын сомаға инвестиция тартуға мүмкіндік берді.ВТБ Капитал ресейлік және халықаралық клиенттерге ECM және DCM транзакциялар ұйымдастыруды, M&A-мәмілелер бойынша консультациялар беруді, инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды, тиянақталған табысы бар құралдар нарығындағы және акциялар нарығындағы сауда операцияларын, талдамалық қызметтер көрсетуді, сонымен қатар активтерді басқаруды қоса, инвестициялық-банктік өнімдер мен қызметтердің толық спектрін ұсынады. ВТБ Капитал Euromoney, EMEA Finance, Global Finance басылымдарын қоса, жетекші халықаралық басылымдардың нұсқасы бойынша Ресейдегі және жаһандық нарықтардағы үздік инвестициялық банк болып бірнеше мәрте танылды. ВТБ Капитал 2009 жылдан бастап Dealogic, Bloomberg, Thomson Reuters және Mergermarket рэнкингтерінде көшбасшы орында болып келеді. 2018 жылы ВТБ Капиталдың талдаушылар командасы Institutional Investor және Extel Survey нұсқасы бойынша Ресейде үздік болды.