Бизнесіңізге арналған онлайн-касса

13.11.2020

Құрметті клиенттер!

Бизнесіңізге арналған Онлайн-касса банк қызметін пайдалануды ұсынамыз - кассалық операцияларды тіркеу мен бақылаудың және физикалық кассалық машинаны толығымен алмастыратын ақша түсімдерін есепке алудың әмбебап онлайн-жүйесі.

Кәсіпкерліктің барлық түріне жарамды.

Онлайн кассаның функциялары:

- Дәстүрлі кассалық операциялар;

- X -, Z-есептер;

- Интернетті ажыратқан жағдайда, 3 тәулікке дейін автономды жұмыс режимі;

- Чектерді WhatsApp, Telegram, e-mail арқылы жіберу + дәстүрлі тәсілмен басып шығару;

- 1С және басқа есептік жүйелермен біріктіру;

- Заңнама өзгерген жағдайда автоматты түрде жаңартылады.

Қосылу тарифі айына бар болғаны 3 000 теңгені құрайды.

Онлайн касса қызметін қоспас бұрын Қазақстан Республикасының салық органдарында кассаны тіркеу үшін https://oofd.kz/ сайтында міндетті тіркеуден өту қажет.

Сондай-ақ Сіз Банк серіктесі buhta.kz-тен Онлайн-бухгалтерия қызметін пайдалана аласыз

Қызметке қосылу және қызмет көрсету тарифтері туралы толық ақпарат buhta.kz сайттында.