Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның кредиттік рейтингі активтер сапасының жақсаруына байланысты «ВВ+» деңгейінде расталды

29.10.2020

2020 жылғы 29 қазанда Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігінің кредиттік рейтингтер қызметі Банк ВТБ (Қазақстан) үшін «Тұрақты» болжамымен «BB+/B» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерді растады. Сондай-ақ S&P ұлттық шкала бойынша банктің рейтингін «kzAA» деңгейінде растады.

«Біз соңғы екі жылда банк көрсеткіштерінің жақсаруын, оның ішінде активтердің сапасын арттыруды назарға аламыз», - деп S&P Global Ratings атап өтті. Сондай-ақ рейтингтік агенттіктің қорытындысында былай делінген: «Рейтингтерді растау реттеуші капитал мен өтімділік қорлары банкке экономикалық құлдырау және COVID-19 пандемиясы аясында Қазақстандағы қолайсыз операциялық ортаға байланысты қысымға қарсы тұруға мүмкіндік береді деген біздің пікірімізді көрсетеді. Бұдан басқа, Банк ВТБ (Қазақстан) негізгі топ үшін стратегиялық маңыздылығын сақтайды және қажет болған жағдайда акционерден әлі де қолдау алатын болады деп ойлаймыз».  

- Банктің жоғары кредиттік рейтингін растау - тиімді даму стратегиясының және тәуекел-менеджменттің теңдестірілген жүйесінің заңды салдары. Мұны коронавирустық пандемиядан туындаған экономикалық құлдырауға қарамастан, ағымдағы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша банктің лайықты қаржылық нәтижелері де растайды, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло.

2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда пайданы 26,2% - ға ұлғайтты.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 10 жылдан астам уақыт бойы жемісті қызмет жасап келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы.