Қазақмыс Банк ВТБ (Қазақстан)-нан жаңа транш алды

08.10.2020

Банк ВТБ (Қазақстан) мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС бекітілген кредит желісі аясында көлемі 12 млн АҚШ доллары жаңа транш бөлу туралы келісімге қол қойды. Кәсіпорын алған қаражатты айналымдық қаражатын толықтыруға бағыттайтын болады.

«Қазақмыс» – Қазақстандағы ең ірі мыс өндірушісі әрі табиғи ресурстарды өндіру және өндеу бойынша жетекші халықаралық компания. Корпорация мыс және өзге пайдалы қазбаларды іздестіру, барлау, өндіру, байыту, өндеу және экспорттаумен айналысады. Банк корпорациямен әріптестігін 2019 ж. бастап әріптестік орнатып, ашылған кредит желісі аясындағы алған мөлшері 15 млн доллар алғашқы траншы контракт шарттарына сәйкес уақытылы қайтарылды.

- «Қазақмыс» – Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі, компания аймағымыз үшін стратегиялық маңызы бар саланы дамытып, жаңғыртуда. Республика экономикасына ауқымды оң әсерін тигізетін корпорация тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызы бар жобаларды дамытуға қатысу мүмкіндігіміз болғанына өте қуаныштымын, – деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан)-ның басқарма төрағасы Дмитрий Забелло. – ВТБ мен «Қазақмыс» секілді қос халықаралық топтың тұрақты әріптестігі еліміздің тұрақты дамуына бағытталған екі ұйымның ауқымды мақсаттары бірдей екенінің заңды салдары деп ойлаймын.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің жоғары өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеті, қажетті энергетикалық және отын қорлары, заманауи технологиялық әрі телекоммуникациялық желілері мен білікті кадрлары, яғни, әрі қарай өндіріс көлемдерін арттыруға қажетті ресурстарының барлығы бар.