ВТБ «Алтыналмас» компаниялар тобына кредиттеудің жалпы желісін 1 100 000 000 еуроға дейін ұлғайта отырып, 640 000 000 еуроға дейін қаржыландырудың екінші кезеңін ашты.

22.09.2020

ВТБ Тобы «АК Алтыналмас» АҚ құрамына кіретін компаниялар тобына 640 000 000 еуроға дейін кредит берді. Осылайша, жалпы кредиттік желі 1 100 000 000 еуроны құрады.

Қаржыландыру «Алтыналмас» тобына: жаңа кәсіпорындар құрылысы және активтер базасын кеңейту бизнесін дамытуды қолдау үшін берілді. Алынған қаражат «ҚАЗАҚАЛТЫН ТБК» АҚ активтерін «АК Алтыналмас» АҚ компаниясымен шоғырландыруды аяқтауға, қуаттылығы жылына 5 млн тонна кен өндіретін «Мизек» жобасын іске асыру, 2021 жылдан бастап алтын өндірісін жылына 500,000 унциядан жоғары деңгейге арттыру және қолдауға, компанияның қарыз портфелін оңтайландыруға, сондай-ақ күрделі құрылыс және өндірістік қуаттылық пен шикізат базасын ұлғайтуға арналған бірқатар бағдарламаларға жұмсалады.

Айдар Калиев, Орталық Азиядағы операциялар басшысы, ВТБ аға вице-президенті:

«ВТБ мен« Алтыналмас» компаниялар тобын бұрыннан келе жатқан серіктестік қатынастар байланыстырады, және біз оның бизнесін одан әрі дамытуға қатысқанымызға қуаныштымыз. ВТБ тау-кен өндірісінің бірқатар жетекші ойыншыларымен жұмыс істейді, сондықтан біз осы нарық саласындағы тәжірибеміз «Алтыналмас» компаниялар тобына өзінің стратегиялық мақсаттары мен инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруды табысты жалғастыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.».

Владимир Джуманбаев, «АК Алтыналмас» Директорлар кеңесінің төрағасы:

«Біз ВТБ-мен өткен жылы басталған, біздің даму жоспарларымызды жүзеге асыруға септігін тигізіп отырған ынтымақтастығымыздың қарқынды дамып келе жатқандығына өте қуаныштымыз. Бұл жоспарларды жүзеге асыру - тау-кен өнеркәсібінің ерекшеліктерін жақсы түсінетін және қажетті банктік қызметтердің барлық саласын қамтуға қабілетті қаржылық саладағы тәжірибелі серіктесті қажет етеді. Кредиттеудің екінші кезеңін ұсыну осындай серіктестіктің жақсы көрінісі болып табылады және қол жеткізген жетістіктерді нығайта отырып, біз үшін жаңа көкжиектер ашады».

Дияр Канашев, «АК Алтыналмас» АҚ Президенті – Басқарма төрағасы:

«Осы жылдың көктемінде «Пустынное» жобасының үшінші кезеңі сәтті басталды, ол Алтыналмастағы қуаттылығы 5 миллион тоннадан астам кенді құрайтын алғашқы пайдалануға берілген ТБК болды. Банк ВТБ қаржыландыратын осындай масштабтағы жобалар кестесінде келесі орын Ақсу ТБК (құрылысы салынуда) және «Мизек» ТБК, оның құрылысын жаңа кредиттік желі ашылғаннан кейін осы жылы бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. «Мизек» жобасы Алтыналмастың Қазақстанның 4 облыс: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облысы аймағына дейін географиялық қатысуын көздейді. ВТБ-мен қызметтестікқ Алтыналмасқа өз бизнесін дамытып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашу, салық төлемдерін арттыру және аймақтың дамуына үлес қосу арқылы Қазақстан экономикасы мен оның әлеуметтік ландшафтының жалпы дамуына мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. COVID-19 пандемиясынан туындаған әлемдік экономиканың тоқырау кезеңінде бұл өте маңызды нәрсе, және біз серіктесімізге сенім артқандығы мен Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосқандығы үшін алғыс білдіреміз».

Анықтама:

Банк ВТБ

Банк ВТБ (ЖАҚ), оның еншілес банктері мен қаржылық ұйымдары (ВТБ тобы) - Ресейде, ТМД елдерінде, Батыс Еуропада, Азияда және Африкада қаржылық және ауқымды банктік қызметтерді ұсынатын халықаралық қаржы тобы.

Банк ВТБ кең өңірлік желі арқылы банктік қызметтердің барлық спектрін ұсынады. Топтың еншілес ұйымдары лизингтік, факторингтік және басқа да қаржылық қызметтерді ұсынады. ВТБ Тобының халықаралық желісіне 20-дан астам елдегі 20-дан астам банктер мен қаржы компаниялары кіреді.

2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша ВТБ тобы активтері (16,3 трлн. Рубль) және клиенттердің қаражаты (11,9 трлн. Рубль) бойынша Ресейдегі екінші ірі қаржылық топ болды.

ВТБ-ның негізгі акционері - дауыс беретін акциялардың 60,9% тиесілі РФ Үкіметі болып табылады. Қосымша ақпаратты www.vtb.ru сайтынан көре аласыздар.

Қазақстан Республикасында ВТБ 10 жылдан астам жұмыс істеп келе жатыр және Банк ВТБ (Қазақстан) еншілес ұйымы ретінде танылған.

«АК Алтыналмас» АҚ

Қазіргі уақытта «Алтыналмас АҚ» АҚ-ның Қазақстан Республикасының төрт өңірінде активтері бар: Қарағанды ​​облысының Ақтоғай ауданындағы «Пустынное» жобасы, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы «Ақбақай» жобасы, Шығыс Қазақстан облысындағы «Мизек» кен орны, «Ақмола облысындағы «ГМК КАЗАХАЛТЫН» АҚ нысандары.