Банк ВТБ (Қазақстан) ШОБ үшін кредиттер бойынша кейінге қалдыру мерзімдерін ұзартты

18.08.2020

Банк ВТБ (Қазақстан) коронавирус пандемиясы салдарынан қаржылық жағдайлары нашарлаған кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің қарыздарын қайта құрылымдау мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылдады. 2020 жылдың 1 қазанына дейін кейінге қалдыру және қарызды төлеу кестесін қайта қарау мүмкіндігі жекеше тәртіппен клиенттердің өтініші мен бизнесі карантин мерзімінде шектелген немесе тыйым салынған қызмет түрлеріне жататынын растайтын құжаттар негізінде қарастырылады.

ШОБ клиенттерінен қайта құрылымдауға өтініштер SMB_VTB@vtb-bank.kz электрондық пошта арқылы қабылданатын болады. Көрсетілген мерзім ішінде Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлға болып табылатын клиенттерге қатысты Қазақстанда карантин шаралары қолдануына байланысты шектеулер нәтижесінде пайда болған төлемдерді кешіктіру бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемейді.

- 2020 жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында 307 кәсіпкер-банк клиенттері қайта қаржыландыру және/немесе төлемдерді кейінге қалдыру түрінде қолдау алды. Одан бөлек, банк «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ тарапынан COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен кәсіпкерлерді жеңілдікпен кредиттеуге бөлінген 9 млрд. теңгені мерзімнен бұрын игерді. Сондай-ақ, біз клиенттерімізге өзге мемлекеттік бағдарламалар аясында бизнесті жеңілдікпен кредиттеуді белсенді түрде ұсынамыз. Оның барлығы, әрине, қазіргі таңда ШОБ үшін айтарлықтай қолдау болмақ, – деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан)-ның басқарма төрағасы Дмитрий Забелло. – Өкінішке қарай, осы уақыт ішінде коронавирус пандемиясы тоқтамай, клиенттеріміз карантиндік шектеулердің салдарынан туындайтын қиындықтарға әлде де ұшырап жатады. Сондықтан біз ШОБ кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мерзімін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін ұзартуды ұйғардық.

Банк ұжымы жағдай тез арада қалпына келетініне үміттенеді және барлық клиенттеріне зор денсаулық тілейді.