ВТБ ИБДҚ-мен бірлесіп корпоративтік акселератор үшін стартаптар іздеуде

30.07.2020

ВТБ Интернет бастамаларды дамыту қорымен (ИБДҚ) серіктес бола отырып, корпоративтік акселераторға екі аптаның ішінде технологиялық компаниялардан 100-ден астап өтініш қабылдады. Банк мына бағыттардағы инновациялық шешімдерді іздейді: бөлшек сауда және корпоративтік клиенттерге арналған сервистер, сатылымды арттыруға және клиенттің тәжірибені жақсартуға арналған маркетинг құралдары, клиенттердің деректерін жинауға және талдауға арналған шешімдер, киберқауіпсіздік саласындағы шешімдер, банк қызметкерлеріне арналған сервистер және басқа да. Жобаларды іріктеудегі бағыттардың толық тізбесі startup.vtb.ru сайтында жарияланған. Акселераторға қатысуға өтініштер сайтта 24 тамызға дейін қабылданады.

ВТБ акселераторы технологиялық стартаптардың сынамалы жобаны іске қосу үшін қызықты шешімдер қабылдайтын банктің бизнес бөлімшелерімен серіктестігіне арналған алаң болып табылады. ВТБ мамандары инновациялық технологияларды тестілейді және олардың толықтығын, әлеуетті бизнес әсерін және банктік инфрақұрылымға интеграциялану мүмкіндіктерін бағалайды.

Алдыңғы екі акселераторлар қабылдауының нәтижелері ретінде 30-дан астам сынамалы жобалар болды. Алғашқы аяқталған сынамалы жобалардың қорытындысы бойынша 10 шешімдер іске қосылды немесе бизнес ортада іске қосылуға дайындық үстінде. 

ВТБ акселераторына өтініш беретін барлық стартаптар алдын ала сараптамадан өтеді, банктің басты бизнес бөлімшелеріне ұсынылатын болады. Іріктеу нәтижесі бойынша, кемінде 20 стартап банктің акселераторына шақырту алады, мұнда өзінің тапсырыс берушілерімен бірлесіп тестілеуге арналған бизнес-кейстерді зерттей алады, сынамалы жобаларды іске қоса алады және іске асыра алады. Банк инновациялық технологиялық шешімдерді тестілеу үшін әр сынамалы жобаға 500 мыңнан 1,5 млн рубльге дейін қаражат бөлуді жоспарлайды.

ВТБ Президенті -банктің басқарма төрағасының орынбасары Вадим Кулик мынаны атап өтті: «ВТБ сандық трансформациялану стратегиясының бір бөлігі технологиялық сыртқы компаниялармен серіктестікті дамыту болып табылады. ВТБ акселераторы жас инновациялық компаниялардың банкке өз әзірлемелерін ұсынуға және бірлесіп жобаларды іске қосуға арналған керемет мүмкіндік болып саналады. Банк нарық ұсынатын инновациялық шешімдерді тез енгізудің есебінен технологиялық платформаларды дамыту жөніндегі жаңа мүмкіндіктерге және қосымша бәсекелестік артықшылықтарға ие болады».

Корпоративтік ВТБ акселераторының директоры Наталия Дегтярева: «Алғашқы екі акселератор қабылдауын жүргізу тәжірибесі басты кедергілерді анықтауға және банктегі стартаптардың онбордингі жөніндегі жаңа бизнес процестерді баптауға көмектесті. ВТБ акселераторлары ИБДҚ-мен бірлесіп банктегі негізгі бизнес бөлімшелердің технологиялық қажеттіліктеріне егжей-тегжейлі зерттеу жүргізді. Бұл акселератордың жаңа циклында банктің стартаптармен өзара әрекеттесу тиімділігін көбейтуге және сынамалы жобалардың өнеркәсіптік жобаларға конверсиясын арттыруға мүмкіндік береді».

Анықтама:
«Банк ВТБ» ЖАҚ – ВТБ банк тобының басты буыны және Ресейдегі ірі банктердің бірі болып табылатын жүйе құрушы қаржылық институт. Қызметтің басты бағыттары – корпоративтік клиенттерге және қаржылық ұйымдарға, жеке тұлғаларға және шағын бизнес өкілдеріне банктік қызметтер ұсыну. Банк включает 1,6 тыс. розничных отделений по всей стране. ВТБ Тобының клиенттік базасы 14 млн. клиентті құрайды.

Интернет бастамаларды дамыту қорымен (ИБДҚ) РФ Президенті Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша стратегиялық бастамалар агенттігімен 2013 жылы құрылды. Қор экожүйелік қызметті жүргізеді, технологиялық компаниялардың алғашқы даму кезеңдерінде және өсім кезеңінде инвестициялайды, кәсіпкерлерге және корпорацияларға арналған акселерациялық бағдарламаларды дамытады, венчурлық нарықты құқықтық реттеу әдістерін әзірлеуге қатысады.
«ИБДҚ акселераторы» (ИБДҚ еншілес құрылымы) Forbes авторларының пікірі бойынша ТОП-8 әлемдік акселераторлар құрамына кіреді, БПҰҚ пікірі бойынша – Ресейдегі ең үздік акселерациялық бағдарлама.