Қазақстандық кәсіпкерлер енді ВТБ корпоративті карталарын рәсімдей алады

14.07.2020

Банк ВТБ (Қазақстан) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге арналған жаңа корпоративті карталарының сатылымы басталғанын қуанышпен хабарлайды! Бүкіл әлемдегі COVID-19 пандемиясы ақшасыз өзара есептесу формаларына ауысу процесін жылдамдатты. Жеке тұлғалар әлдеқашан тауарлар мен қызметтерді сатып алу барысында төлем карталарын пайдалана бастаса, заңды тұлғалардың көпшілігі ақшалай немесе ұзақ әрі қиын бухгалтерлік процедура арқылы есептесуде.

Корпоративті карта компанияның іссапар шығындары, өкілдік немесе шаруашылық шығындары, түрлі көлікпен жүру билеттерін сатып алу, автокөлікті жалға алу, бизнес-ланчтар және т.с.с. шығындарында таптырмас төлем құралы болып табылады. Картаны пайдаланатын қызметкер кассаға барып, құжаттарды толтыру мен есептілікті жасауға уақытын жұмсамайды, оған қоса компания есепшісі автоматты түрде банктен қажетті ақпаратты алып отырады.

Толығырақ ақпарат алу үшін сілтеме арқылы өтіңіз

Картаны дәл қазір рәсімдейсіз бе?

Картаға тапсырыс беру үшін өтінімді толтырыңыз, қосымша ақпарат алу үшін +7 (727) 3304700 немесе 5050 нөмірлерге хабарласыңыз (қоңырау шалу тегін)