Банк ВТБ (Қазақстан) 2020 жылғы бірінші тоқсандағы қаржылық нәтижесі

24.04.2020

2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк ВТБ (Қазақстан) пайдасы 1,7 млрд. теңгені құрады, бұл банктің өткен жылғы осы кезеңдегі қаржылық нәтижесінен 2 есе жоғары. 2019 жылғы 1 сәуірдегі деректермен салыстырғанда басқа негізгі қаржылық көрсеткіштер де өсті: банк активтері 57%-ға өсіп, 267,5 млрд. теңгені құрады, кредиттік портфелі 121,4 млрд теңгеге дейін көтеріліп, 29% -ға өсті, ал клиенттердің шоттары мен депозиттерінің көлемі 71%-ға - 172 млрд теңгеге өсті.

-          Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстандағы ВТБ үшін ең маңызды оқиға - банктің тиімді, сауатты теңдестірілген тәуекелдерді басқару жүйесін қолданатынын көрсеткен қаржы нарығын реттеушінің AQR (активтердің сапасын тәуелсіз бағалау) нәтижелерін жариялауы болды. Бірінші тоқсандағы жұмыс нәтижелері банктің Ұлттық Банк белгілеген нормалардан асатын жеткілікті қорының бар екендігін тағы да дәлелдеді, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло. - Әрине, коронавирус індеті біздің бизнесті одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларымызға айтарлықтай түзетулер енгізді, олардың көпшілігін қайта қарастыруға мәжбүр болдық, нәтижесінде бизнесті жаһандық қайта құру үдерісін іске қостық. Дағдарыс – бұл батыл шешім қабылдауға және жедел даму үдерісіне кедергі болатын барлық нәрселерден бас тартуға қолайлы уақыт. Біз осы ережені ұстандық және жақын арада біз нарыққа жаңа, Қазақстан үшін бірегей бизнес-үлгі ұсынамыз.

Қазіргі орын алып отырған жағдайда Банк ВТБ (Қазақстан) ТЖ режімі енгізілгеннен кейін кірістерін немесе оның айтарлықтай бөлігін жоғалтқан жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлем мерзімдерін кейінге қалдыру арқылы өзінің клиенттеріне қолдау көрсетуде. Сонымен қатар, банк ШОБ жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасының қатысушысы болды, бұл карантин кезеңінде карантиндік шаралардан зардап шеккен бизнесті қолдау үшін минималды мөлшерлемелермен кредит беруге мүмкіндік береді.