Сауда эквайрингi үшін алынатын абоненттік төлем

14.04.2020

Құрметті клиенттер!

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жаңа коронавирусты пандемия деп жариялауына байланысты және Қазақстан Республикасында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында барлық аумақта төтенше жағдай енгізілді.

Бизнесті қолдау мақсатында бүкіл ел үшін бұл қиын уақытта Банк 2020 жылғы 20 наурыздан 2020 жылғы 19 мамырға дейінгі кезеңде сауда эквайрингі бойынша ай сайынғы абоненттік төлемді алуды жою туралы шешім қабылдады.