Қашықтықта банктік қызмет көрсету

13.04.2020

Құрметті Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ клиенттері!

Осымен қашықтан қызмет көрсетуге көшу мақсатында 2020 жылдың 15 сәуірінен бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз және Орал қалаларындағы Банк филиалдарында келесі банктік қызметтерді ұсыну уақытша тоқтатылатын болады:

· айырбастау операциялары

· жеке тұлғалардың депозиттер мен ағымдағы шоттарын ашу

· Visa Instant/MasterCard Standard Unembossed жедел шығару карточкаларын, жалақы жобасы шеңберіндегі карточкаларды қоспағанда, төлем карточкаларын шығару/қайта шығару

·        кредиттік төлем карточкаларын шығаруға өтінімдерді қабылдау

·        кредиттерді Банк кассалары арқылы қолма-қол ақшамен өтеу

Ескертпе:

Бұрын тартылған банктік салымдар мен шоттардың мерзімін ұзарту және ағымдағы қызмет көрсету әдеттегі режимде жүзеге асырылатын болады.

Айырбастау операцияларын жүзеге асыруды (жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін), депозиттер (тек интернет-банкинг) және ағымдағы шоттар ашуды, сондай-ақ өз шоттарыңыздан аудару арқылы кредиттерді өтеуді Сіз Интернет пен Мобильді банкинг арқылы жүзеге асыра аласыз. Қажет болған жағдайда, Сізге Байланыс орталығының мамандары 8 702 0175959 (ұялы оператордың тарифтері бойынша), 8 705 9555959 (ұялы оператордың тарифтері бойынша) және Алматы қаласы үшін 8 (727) 3305959 (Алматы қаласы бойынша қалалық телефондардан тегін) нөмірлері бойынша көрсетілген жүйелерге қосылуға көмектеседі.  

Құрметпен, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ