Әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат

06.04.2020

Құрметті клиенттер Мемлекет басшысының 2020 жылғы 27 наурыздағы тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде қызметіне шектеу қойылуына байланысты табысынан айырылған жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдер төленеді.

Төтенше жағдай және карантин кезінде банк бөлімшелерінде банктік шоттарды, оның ішінде арнайы шоттарды ашу мүмкіндігі шектеулі. Осы жағдайды және төлемдердің әлеуметтік бағытын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрғындарға көрсетілген ай сайынғы төлемдерді азаматтардың банктердегі ашылған қолданыстағы карточкалық шоттарына аудару мүмкіндігі туралы түсініктеме берді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Банк ВТБ Қазақстан әлеуметтік төлемдерді алу үшін сіздер Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес төлем карточкаларын / ағымдағы шоттарды пайдалана алатындықтарыңызды еске салады. Банктің тарифтері келесі сілтеме бойынша сайтта орналастырылған: Банктік корпоративтік құжаттары

Төлем карточкасы шотының деректемелерін Банктің мобильді қосымшасынан көруге болады (IOS, Android).