Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының құрамында өзгерістер

31.03.2020

Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесінің 2020 жылғы 26 наурыздағы шешімімен Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі лауазымына банктің корпоративтік-инвестициялық бизнесін жетекшілік ететін Арман Ахтуреевич Мангитов тағайындалды.

Арман Ахтуреевич 15 жылдан аса ірі халықаралық банктерде, соның ішінде 6 жыл ВТБ Тобында жұмыс істеді. Корпоративтік бизнесті және инвестициялық банкингті, қазынашылықты және жаһандық нарықтарды, тәуекел менеджментін және комплайнсты қоса елеулі банктік тәжірибеге ие. Арман Ахтуреевич жоғары математикалық білімге, экономика магистрі атағына ие, сонымен қатар СFA (Chartered Financial Analyst) қаржылық талдаушысының халықаралық біліктілігінің иегері болып табылады.

Арман Мангитовтың тағайындалуын түсінік бере отырып, Банк ВТБ (Қазақстан) басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло: «Арман Ахтуреевич біздің банкте корпоративтік-инвестициялық бизнесті көптен бері және сәтті басқарып келді. Қазіргі уақытта оның құзыреттілігі банк қызметін басқарудың басқа да салаларына қажет болуда. Мен, Арман Ахтуреевичтің тәжірибесі банктің ірі бизнес саласындағы жұмысын жаңа деңгейге шығаруға көмектесетініне және акционерлермен қойылған барлық міндеттерді орындайды деп сенемін» – деп атап өтті.