Банк ТЖ режимін еңгізуден зардап шеккен қарыз алушыларға қолдау көрсетеді

19.03.2020

Банк ВТБ (Қазақстан) Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты шектерді енгізудің нәтижесінде қаржылық жағдайлары нашарлаған өзінің клиенттеріне – жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуге дайындығын растайды.

Банктің ұжымы жағдайдың жылдамырақ қалпына келетіндігіне үміттенеді және барлық клиенттерге мықты денсаулық тілейді.

Жеке тұлғаларға – клиенттерге кейінге шегеруді беру шарттары

1.      Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ келесі айтылғандардан кредиттік бюро құрған тізімде көрсетілген Банктің барлық клиенттеріне, олардың келісімі бойынша 2020 жылғы 16 наурыз бен 15 маусым аралығындағы төлем мерзімін кейінге қалдырады:

1)      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68 бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары;

2)      «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

3)      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар.

2.      Банк клиенттерге олардың қаржылық жағдайының нашарлау себебі көрсетілген, еркін түрде жазылған өтініштері негізінде 2020 жылғы 16 наурыз бен 2020 жылғы 15 маусым аралығындағы төлем мерзімін кейінге қалдырады:

1)      Карантиннің енгізілуіне байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық;

2)      жалақы сақталмайтын демалыста болу;

3)      жұмыстан шығару, еңбек шартын бұзу және басқа еңбек қатынастарын тоқтату;

4)      жалақының немесе басқа кірістердің төмендеуі немесе тоқталуы;

5)      егер қызметкер төтенше жағдай және (немесе) карантин әрекет ететін аумаққа кіруге (шығуға) қойылған шектеулерге байланысты жұмыс орнында бола алмаса;

6)      қаржылық жағдайдың нашарлауын куәландыратын басқа себептер.

Бұл ретте, Банкте клиенттердің қаржылық жағдайының нашарлауы туралы ақпарат болмаса, Банк төлемдерді тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешім қабылдауға құқылы.

3.      Кейінге қалдыруға арналған өтініштер ТЖ кезеңінде, жалпыға қол жетімді электрондық пошта мекенжайы (info@vtb-bank.kz) арқылы немесе клиенттер үшін кез-келген басқа ыңғайлы түрде, өтініштің сканерден өткен көшірмесін қоса беру арқылы қабылданады (WhatsApp +77717775050, Telegram). Өтініштер 10 күн ішінде қарастырылады

Сіз бөлшек кредит беру қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыру үшін өтінімді толтыра аласыз

4.      Кредит мерзімі мен ай сайынғы төлемнің мөлшері мерзімі кейінге қалдырылған төлемдердің мерзіміне байланысты ұлғаюы мүмкін.

5.      2020 жылғы 16 наурыз бен 2020 жылғы 16 маусым аралығында туындаған мерзімі өткен төлемдер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар есептелмейді.

6.      Бұл тәртіп 2020 жылғы 16 наурызға дейін берілген барлық банктік қарыздарға қолданылады.

7.      Сіздің өтінішіңіздің негізінде Банктің төлемдерді тоқтата тұруы сіздің кредиттік тарихыңыздың нашарлауына және кредиттік бюроға теріс ақпарат ұсынуға негіз болмайды.

Шағын және орта бизнес субъектілеріне – клиенттерге кейінге шегеруді беру шарттары

Құрметті клиент!

Егер сіз шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, жеке кәсіпкер болып табыласаңыз және сіздің қызмет төтенше жағдайды енгізудің нәтижесінде зардап шексе, Банк ВТБ (Қазақстан) 2020 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімге сіздердің несиелер бойынша негізгі борыш пен сыйақыны өтеуді уақытша тоқтата тұру тұрінде сіздерге қолдау көрсету дайындығын растайды. Одан басқа, Банк көрсетілген кезеңде негізгі борыш және сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерге айыппұлдар мен өсімпұлдарды салудан бас тартуға дайын.

Осы қолдау шараларын алу үшін сізге ШОБ клиенттеріне арналған арнайы SMB_VTB@vtb-bank.kz электронды пошта жәшігіне еркін түрде өтініш беру қажет.

Үйіңізде қалыңыз, біз сіздің өтінішті қашықтықтан өңдеуге дайынбыз.

Бұл ретте, тиісті түрде рәсімделген сіздің қарызды өтеуді уақытша тоқтату сіздің несие тарихыңызды нашарлатпайтындығына назарыңызды аудартамыз.

Қолдау шаралары туралы толығырақ ақпаратты сіз біздің шұғыл желінің 8 727 330 47 00 телефонынан немесе ең жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарымен гиперсілтеме танысып біле аласыз.