Банк ВТБ (Қазақстан) жұмысын қалыпты режимде жалғастырады

17.03.2020

ВТБ тобының клиенттері мен қызметкерлерінің жайлылығы мен қауіпсіздігі – жұмысымыздың нақты басымдығы, сондықтан олардың тыныштығы мен кез келген тәуекелдерді азайту мақсатында біз бірқатар шараны жүзеге асырдық.

Біз төтенше жағдай кезінде тұтынушыларымыз үшін өз қаражаттарына еркін қол жеткізе алу мүмкіндігінің маңыздылығын түсіне отыра, ВТБ (Қазақстан) бөлімшері қалыпты жұмыс кестесі бойынша, яғни жұмыс күндері 09:00 бастап 19:00 дейін, ал сенбі күндері 10:00 бастап 15:00 дейін қызмет көрсететінін хабарлаймыз. Банктің барлық банкоматтары бұрынғыдай жұмыс істеп тұр.

Банк өз бөлімшелерінде тұрақты түрде барлық қажетті профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады: күніне бірнеше мәрте кеңселерде заласыздандыру жұмыстары қолға алынса, мамандарымыз құжаттар мен купюралармен жұмыс істеу барысында залалсыздандыру құралдарын қолданып тұрады. Жеке және заңды тұлға тұтынушыларымыз үшін операциялардың басым көпшілігін онлайн-каналдар арқылы жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Одан бөлек, ВТБ бизнес-бөлімшелерінің барлық жаппай кеңестері конференц-байланыс режиміне ауыстырылды. Біз қызметкерлерімізді тұрақты түрде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вирустық аурулармен күресу бойынша ұсыныстарымен таныстырып, оларды сақтауға кеңес береміз. Банкімізде кеңселерді, әсіресе клиенттерге қызмет көрсету аймақтарында залалсыздандыру бойынша қосымша шаралар қабылданды. Клиенттермен тікелей жұмыс істемейтін қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуге мүмкіндік алды.

Біз жағдайды жіті қадағалап, клиенттерімізге сапалы қызмет көрсету және қызметкерлеріміздің жайлы жұмыс жасауы үшін бар мүмкіндікті қолданамыз.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. S&P Global Ratings деректері бойынша ВТБ (Қазақстан) Қазақстанның барлық ЕДБ арасында ең жоғары кредиттік рейтингке ие болып отыр. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

 

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz