Банк ВТБ (Қазақстан) «Астана Бизнес-2» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландыруды жалғастырады

12.02.2020

Банк «Даму» Қоры және астана әкімдігімен Нұр-Сұлтан қ. – «Астана Бизнес-2» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру бағдарламасына 300 млн. теңге сомасына қайта қатысу туралы кезекті кредиттік келісімге қол қойды, оның 50%-ын қалалық әкімдікпен және сонша сома Қормен бөлінген.  

Осы бағдарлама аясында Банк ВТБ (Қазақстан) елорданың ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған бизнесмендеріне номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жылдық 8,5%-ға дейін жеңілдікті кредиттер беретін болады.

- Банк ВТБ (Қазақстан) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірлесіп ШОБ секторына елеулі қолдау көрсететін көптеген жобаларды іске асырды, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының мүшесі Игорь Ли. – Банк 2017 жылы «Астана Бизнес» және 2019 жылы «Астана Бизнес-2» бағдарламасына қатысып, елордалық бизнеске жалпы сомасы жарты миллиард теңгеге жеңілдетілген кредит берді. Өткен траншты ойдағыдай игере отырып, біз елордалық бизнестің осындай қаржыландырудағы жоғары қажеттілігін бағаладық және жобаны іске асыруда қайта қатысуға шешім қабылдадық.

Нарықта үш жылдан астам жұмыс істейтін кәсіпкерлер Банк ВТБ (Қазақстан)-ның «Астана бизнес-2» бағдарламасы бойынша ең жоғары сомасы 100 млн. теңгеге дейін; үш жылдан аз бұрын тіркелген ісін жаңа бастаған бизнесмендер – 50 млн. теңгеге дейін кредит алуына болады. Биылғы жылы бағдарламада ерекше талап белгіленген: «Астана Бизнес-2» шеңберінде қаржыландыру алған соңғы қарыз алушылар міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын банктік қарыз шартына қол қойылған күннен бастап екі қаржы жылынан кейін 10%-ға ұлғайтуға міндетті. Бұдан басқа, бағдарламаға қаржылық және сақтандыру қызметтерін көрсететін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен операциялар жүргізетін компаниялар қатыса алмайды.