Жеке тұлғаларға арналған депозиттің жаңа түрі «Табысты» салымы

31.01.2020

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ-ның құрметті клиенттері, сіздерге 2020 жылғы 03 ақпаннан бастап салымның «Табысты» атты жаңа түрі шығатындығы туралы хабарлаймыз.

«Табысты» - мақсатты жинақтарға арналған салым

«Табысты» салым – бұл теңгедегі депозиттер арасындағы ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар қайтарып алынбайтын депозит.

Бұл салым өз ақшасын ұзақ уақыт бойы салып қоюды жоспарлаған адамдарға жарамды (қосымша жарналар мен ішінара алулар көзделмеген).

«Табысты» салымының ерекшеліктері:

1) Бұл салымнан ақшаны мерзімінен бұрын алу клиенттің шартты бұзуға өтінішін бергеннен кейінгі 30 күн өткеннен соң ғана мүмкін болады.

2) Теңгедегі депозиттер арасындағы ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі.

3) «Табысты» салымы бойынша мемлекеттің кепілдігі – 15 миллион теңгеге дейін.

Құрметпен, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ