Хабарландыру

20.01.2020

Осы арқылы 2020 жылғы 01 қаңтардан бастап, «Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 Қаулысы күшіне енгенін хабарлаймыз.

Осы Қағиданың 29-тармағына сәйкес мына талап көзделген:

Қолма-қол ақшаны заңды тұлға клиентке беру қолма-қол ақша берілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлға клиент ұсынған қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінім бойынша жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты заңды тұлғалардың клиенттерінен 2020 жылғы 05 қаңтардан бастап, теңгедегі және шетел валютасындағы банктік шоттан қолма-қол ақша алу үшін Банкке қолма-қол ақша бергенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей, қолма-қол ақша алуға өтінім беруді сұраймыз.

Қолма-қол ақшаны алуға өтінімді жазбаша/электрондық тәртіппен жіберулеріңізді сұраймыз.