Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының құрамындағы өзгерістер

25.12.2019

Банк ВТБ (Қазақстан) директорлар кеңесінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен басқарма төрағасының орынбасары – Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма мүшесі Миронов Юрий Владимировичтің уәкілеттілігі ВТБ Тобы аясында басқа жұмысқа ауысуға байланысты тоқтатылды.

Юрий Миронов банк саласында 16 жылдан астам, оның ішінде ВТБ Тобында 12 жыл жұмыс істейді. Оның қазынашылықты және қор нарығындағы операцияларды басқару саласында үлкен тәжірибесі бар. Жоғары экономикалық білімге және МВА дәрежесіне ие, экономика ғылымдарының кандидаты. ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло Юрий Владимировичтің еншілес банктің дамуына қосқан үлесін жоғары дәрежеде бағалады және оған алдағы уақытта сәттілік тіледі.

Қазіргі уақытта Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма құрамына банктің бөлшек блогын басқаратын, төрағаның орынбасары Бадыков Артем Салаватович; орта және шағын бизнеске жетекшілік ететін, төрағаның орынбасары Ли Игорь Валерьевич және басқарма төрағасы Забелло Дмитрий Александрович кіреді.

АНЫҚТАМА:
Бүгінгі күні Қазақстандағы ВТБ еншілес банкінің филиалдары еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істейді, ол жеке тұлғаларға, орта және шағын, сондай-ақ корпоративтік-инвестициялық бизнеске банктік қызметтердің барлық түрлерін ұсынады. Банк кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 12 мемлекеттік бағдарламаның белсенді қатысушысы болып табылады. S&P халықаралық рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша қазіргі уақытта Банк ВТБ (Қазақстан) қазақстандық банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша Банктің кредиттік қоржыны 320 млн доллардан асты. ҚР Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі №1.2.14/39 лицензиясы.