Банк ВТБ (Қазақстан) және «Даму» қоры портфельдік кепілдеме туралы келісімге қол қойды

23.12.2019

Портфельдік кепілдеме – Қордың банкке деген сенімнің лимиті. Осы келісім бойынша банк өз сараптамасының негізінде Қордың кредит жобасын қосымша қарастырмай, банк беретін кредиттерді қамтамасыз ету үшін «Даму» қорының кепілдігін алу туралы шешімді өз бетінше қабылдауға мүмкіндікке ие болады. Бұл кәсіпкерлердің кредит алу процедурасынан өту уақытын айтарлықтай қысқартады. ВТБ портфельдік кепілдеме бағдарламасына кірген Қазақстандағы алтыншы банк.

- ВТБ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қордың кепілдігін беру туралы шешім қабылдау процесін сеніп тапсырған қазақстандық банктердің бірі болды. Біз бұрыннан бері «Даму»-мен жұмыс істеп келеміз және бізге көрсеткен сенім үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл факт біздің банк өте жоғары деңгейдегі кәсіби қаржылық сараптаманы ұсынатынын тағы да растайды. Бірақ, ең бастысы, енді біздің клиенттеріміз өз бизнесін дамыту үшін қажетті қаржыландыруды бұрынғыдан бірнеше есе жылдамырақ ала алады, - деп атап өтті Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының Төрағасы Дмитрий Забелло.

Портфельдік кепілдеме кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Еңбек» және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде кредит алатын Банк клиенттерінің жобаларына тарайды. Келісімнің талаптары бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ кредит бойынша мерзімін өткізіп алған немесе банк қарыздарын қайта құрылымдаған кәсіпкерлер осы жобаға қатыса алмайды.

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – халықаралық ВТБ қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстан қаржы нарығында 10 жыл бойы жемісті қызмет жасап келеді. Еліміздің барлық өңірлерінде кез келген категориядағы клиенттерге қаржы қызметінің толық спектірін ұсынады.
Банктің орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2019 жылғы 16 сәуірдегі №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әр кезде баспасөз қызметіне хабарласа аласыз:

Арина Пирогова

Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ

Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20

e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz

web: www.vtb-bank.kz