S&P ВТБ (Қазақстан) банкінің «BB+/B» дәрежесіндегі рейтингін растады, болжам «Тұрақты»

30.10.2019

2019 жылдың 29 қазанында Standard & Poor's халықаралық рейтингтік агенттігінің кредиттік рейтинг қызметі ВТБ (Қазақстан) банкі үшін болжамы «Тұрақты» «BB+/B» ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингін растады. Сонымен қатар, S&P «kzAA» деңгейінде ұлттық меже бойынша банктің рейтингін растады.  

«Біз ресейлік ВТБ Банкінің еншілес ұйымы Банк ВТБ (Қазақстан)-ның рейтингін растадық. Бұл банктің бас құрылым үшін сақталатын стратегиялық маңыздылығы және қажет болған жағдайда акционердің тарапынан әлеуеттік қолдау туралы біздің пікірімізді көрсетеді. Осылайша, банк бас компания үшін «өте жоғары» стратегиялық маңыздылығы бар ВТБ Банкінің еншілес ұйымы болып қалады және бас құрылым тарапынан кез келген болжамды жағдайларда операциялық, басқарушылық және қаржылық қолдау алуды жалғастырады деп ұйғарамыз», - деп S&P Global Ratings атап өтті.  

«2019 жылы банк Қазақстанда болуының онжылдығын тойлайды және бизнесті алдағы уақытта белсенді дамытуды жоспарлайды. Рейтингтерді растау – жүргізілген жұмыстардың және біздің ұйғарымдарымыздың маңыздылығының белгісі, – деп ВТБ (Қазақстан) банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Забелло мәлімдеді, – Республикамыздағы еншілес банкті дамытудың жаңа үшжылдық стратегиясы осы жылдың соңына дейін қабылданатын болады. Қазақстандық нарықта банк бизнесінің басымшылығы ретінде әлі де шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болып қалады. ВТБ тобының деңгейінде біз кредиттеуді дамытуды, тауарлы-шикізат нарықтарындағы операцияларды және біздің басты клиенттерімізге кеңес беруді жалғастырамыз».

Анықтама:
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ – ВТБ халықаралық қаржы тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл бойы табысты жұмыс істеп келеді, еліміздің барлық аймақтарында клиенттердің түрлі санаттарына қаржы қызметтерінің толық спектрін ұсынады. Банктің Орталық кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 2019 жылғы 16 сәуірдегі №1.2.14/39 ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз баспасөз қызметіне түсінік алу үшін хабарласа аласыз:
Арина Пирогова
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ
Тел: 8 (727) 330 59 20 ішкі 59 20
e-mail: A.Pirogova@vtb-bank.kz
web: www.vtb-bank.kz