Андрей Костин Қазақстан басшылығымен Республикада ВТБ тобының бизнесін дамыту туралы келісті

08.10.2019

2019 жылғы 7 қазанда Қазақстанға жасалған ресми сапары барысында ВТБ президенті-басқарма төрағасы Андрей Костин Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, премьер-министр Асқар Маминмен, сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ВТБ тобының корпоративтік-инвестициялық бизнесін дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие ВТБ тобы мен Қазақстанның ынтымақтастығын кеңейту туралы келісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ВТБ-ның Қазақстандағы кәсіпкерлікті қаржыландыру жөніндегі күш-жігеріне қолдау білдіріп, Банк секторын дамытудың екі ел мен жалпы Еуразиялық одақтың интеграциялық процестері үшін маңыздылығын атап өтті. Андрей Костин биылғы жылы банк Қазақстандағы онжылдығын атап өтетінін, бизнесті одан әрі белсенді дамытуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминмен кездесу барысында ВТБ тарапынан қазақстандық компанияларға қазіргі кезде шамамен $4 млрд құрайтын ВТБ кредиттік қоржынын 2020 жылдың соңына қарай $5-6 млрд-қа дейін ұлғайту ниеті айтылды. Бұл ВТБ-ның Қазақстан экономикасын дамыту үшін негізгі қаржы институттарының бірі ретіндегі рөлін нығайтады. ВТБ тобының Қазақстандағы негізгі өнімдері кредит беру, тауар-шикізат нарықтарындағы операциялар және қаржылық кеңес беру болып табылады. ВТБ тобының Қазақстандағы басты клиенттері – елдің ұлттық экономикасының негізін құрайтын тау-кен өндіру, электр энергетикасы және мұнай-газ салаларындағы ірі компаниялар. ВТБ тек кредитор ғана емес, сонымен қатар Ресейдегі қазақстандық компаниялардың жобаларын дамыту бойынша кеңесші болып табылады.

Тараптар көлік және пошта инфрақұрылымын дамыту саласындағы инфрақұрылымдық жобаларға ВТБ қатысуы туралы келісті.

Сондай-ақ, ВТБ Қазақстан астанасындағы халықаралық қаржы орталығының жұмысына қатысады. Андрей Костин «Астана» ХФО аясында «ВТБ капитал» бөлімшесін ашу ниеті туралы мәлімдеді. ВТБ Басшысының айтуынша, топ Қазақстанның банк секторын дамыту мақсатында Республика Басшылығымен одан әрі тығыз ынтымақтастыққа мүдделі.

АНЫҚТАМА:
Бүгінгі күні Қазақстандағы ВТБ еншілес банкінің филиалдары еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істейді, ол жеке тұлғаларға, орта және шағын, сондай-ақ корпоративтік-инвестициялық бизнеске банктік қызметтердің барлық түрлерін ұсынады. Банк кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 12 мемлекеттік бағдарламаның белсенді қатысушысы болып табылады. S&P халықаралық рейтинг агенттігінің нұсқасы бойынша қазіргі уақытта Банк ВТБ (Қазақстан) қазақстандық банктер арасында ең жоғары кредиттік рейтингтердің біріне ие. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша Банктің кредиттік қоржыны 320 млн доллардан асты. ҚР Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі №1.2.14/39 лицензиясы.